Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » Еліміз бойынша алғашқы 3D технологиясымен бүйрек ауыстыру отасы Ақтөбеде жасалды

Еліміз бойынша алғашқы 3D технологиясымен бүйрек ауыстыру отасы Ақтөбеде жасалды

14 июль 2018, Суббота
1 131
0

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат — Түрік дәрігерлері Ақтөбеде шеберлік сабағын өткізіп, 12 ота жасады. Қазақстанда алғаш рет донордың сол жақ бүйрегі 3Dтехнологиясы бойынша алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі
Ақтөбеде медициналық кластерді дамыту аясында шеберлік сабақтары өтіп жатыр. Бұл жолы Ақтөбе медицина орталығына Түркияның үш маманы шақырылды. Мамандар алдымен ақтөбелік науқастарды қабылдап, оларға кеңес берді. Кейін 12 ота жасады.
Бүйрек ауыстыру отасы кезінде алғаш рет лапароскопия әдісі пайдаланылды.
«Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен шеберлік сабағы өтті. 
Өңірге Түркиядан үш маман шақырылды. Барлығы 12 ота жасалды. Ең үлкені — бүйрек ауыстыру операциясы
Қазақстанда алғаш рет донордың сол жақ бүйрегі 3Dтехнологиясы бойынша алынды. Яғни, донордың бүйрегін алу кезінде кесу әдісі пайдаланылмады. Бұл донордың тез жазылуына, отадан соң із қалмауға бағытталған жұмыс», — деді хирург Надияр Маратұлы
Түркиядан Ақтөбеге профессор Седат Йилдирим, дәрігер Уйсал Чагри және Туган Тезджанир келген болатын. Олар бірнеше науқасқа күрделі отаны заманауи әдіспен жасады.
«Түрік дәрігерлері өңірде жоғары технологиялы бірнеше ота жасады. Олардың арасында қалқанша безіне, омырауға, бүйрек үсті безіне жасалған операция бар. Онкологиялық дертке шалдыққан науқастың омырауы алынып, бір мезетте пластикалық ота жүргізілді. Бұл отадан соң оянған науқастың толыққанды өмір сүруіне, өзін жақсы сезінуіне бағытталған операция. Әрі бүйрек үсті безін алу кезінде де 3D технологиясы пайдаланылды», — деді хирург Надияр Маратұлы
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки