Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің жаңа моделі

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің жаңа моделі

24 август 2018, Пятница
1 322
0

24 тамызда Ақтөбе медициналық орталығының көппрофильді ауруханасы базасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (ТМККК) жаңа үлгісі бойынша "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»" ҰАҚ филиалының қызметкерлері ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Орталықтың медицина қызметкерлері үшін бөлімінің басты маманы К.М. Мұқашев «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» таныстырымын ұсынды.

Сөз сөйлеуші Елбасы Н.Назарбаевтің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы негізіндеденсаулық сақтауды одан әрі дамытудың негізгі басымдықтарын белгіледі, атап айтқанда: «Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағыт алуға тиіс. Мемлекеттің міндеттерін нақты белгілей отырып, Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (ТМККК) жаңа моделін әзірлеу қажет. Халық мемлекет тарапынан кепілдік берілмеген қызметтерді Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы ретінде немесе ерікті медициналық сақтандыру, сондай-ақ бірлесе төлеу арқылы ала алады».

Үш деңгейлі медициналық көмек жүйесі ұсынылған: ТМККК, МӘМСжәне басқа қаржыландыру көздері.

Ең төмен әлеуметтік стандарт - ТМККК әр адамның жедел және шұғылжағдайларына көмектесуге, сондай-ақ бүкіл қоғам үшін маңызды ауруларды бақылауға бағытталады:

  • барлық санаттағы азаматтардың МСАК-ке тең қол жетімділігі;
  • шұғыл медициналық көмек көрсетуді талап ететін төтенше жағдайларда медициналық көмек көрсету;
  • МСАК деңгейінде басқарылатын негізгі созылмалы инфекциялық емес ауруларды, әлеуметтік маңызды ауруларын диагностикалау және емдеу;

üайналадағы адамдар үшін қауіпті жұқпалы аурулар.

МӘМС жүйесі сақтандырылған адамға кепіл болады (ТМККК-нен астам) – екінші пакет: әрбір адамның өмір сүру сапасын жақсартатын медициналық көмекжәне салауатты болашақ үшін негіз қалауға көмектеседі.

  • қымбат зертханалық және диагностикалық қызметтер;
  • ТМККК-пен қамтылмаған ауруларға амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасызету;
  • стационарлық медициналық көмек орнын басатын жәрдемге қолжеткізу;
  • ТМККК-тен басқа жоспарлы стационарлық көмек;
  • сауқтыру емі және медициналық оңалту.


Үшінші пакет - қосымшакөлем (қаржыландырудың басқа көздері):

  • ақылы қызметтер
  • ерікті медициналық сақтандыру
  • бірлесе төлеу
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки