Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » Қазақстан халықтарының тілдері күні

Қазақстан халықтарының тілдері күні

26 сентябрь 2018, Среда
1 144
0

Дәстүр бойынша, Ақтөбе медициналық орталығының қызметкерлері Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған іс-шараларға белсене қатысады.
Қазақстан Республикасында жыл сайын, қыркүйектің үшінші жексенбісінде, Қазақстан халықтарының тілдері күнін атап өтіледі.Мереке, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығыменалғаш рет 1998 жылдан бастап тойланатын болды. Бұл күні бүкіл Қазақстан бойынша Қазақстан халықтарының тілдеріне арналған түрлі іс-шаралар өткізіледі: ғылыми конференциялар, байқаулар, дөңгелек үстелдер.


Мерекенің мақсаты — көп ұлтты қазақстандықтардың тұтастығын сақтау, қазақ тілін дамыту және тарату, балаларды тек өз халқыныңғана емес, сонымен бірге біздің елімізде тұратын барлық басқа ұлттардың мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеу.
Денсаулық сақтау басқармасының тілдер күні ұйымдастырған іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін, Ақтөбе медициналық орталығының мемлекеттік тілге жауапты маманы Макешева Талшын және нейрохирургия бөлімінің аға мейірбикесі Абдреева Бақытгүл «Алғыс хаттармен» бағаланды.
Орталық ұжымы өз қызметкерлерінің еңбегінің жоғары бағаланғанымен құттықтайды!

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки