Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » Ақтөбе медициналық орталығында ағзаларды трансплантациялаудың 60-шы операциясы жасалды

Ақтөбе медициналық орталығында ағзаларды трансплантациялаудың 60-шы операциясы жасалды

04 февраль 2019, Понедельник
841
0



Ақтөбе медициналық орталығының көпсалалы стационары базасында ағымдағы жылдың қаңтар айының соңында Атырау және Орал қалаларының тұрғындарына бүйрек трансплантациясы бойынша екі операция жасалды.

Жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсетушеңберінде операция ақысыз негізде жасалды. Бір жағдайда, донор 28 жастағы қызы болды, ол бүйрегін 55 жастағы әкесімен бөлісті, ол гломерулонефрит кезінде созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шеккен.Сонымен қатар, науқас ұзақ уақыт бойы гемодиализде болды, апта сайын 4 сағат бойы гемодиализдің 3 сеансын алды. Қазіргі уақытта донор қанағаттанарлық жағдайда ауруханадан шығарылды.

Екіншіжағдайда донор 50 жаста, ол 28 жастағы ұлына бүйрегін берді. Ұзақ уақыт бойы гломерулонефрит нәтижесіндегі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінен науқас зардап шекті. Қазіргі уақытта Донор өзін жақсы сезінеді, үйіне шығаруға дайындалуда.

Екі рецепиентте өздерін жақсы сезінеді, жоспарланған хирургия және трансплантология кафедрасының дәрігерлерінің жіті қадағалауында.
Біздің орталықта трансплантация бағдарламасы бойынша барлығы 60 операция жасалғанын атап өткім келеді, оның ішінде 12 жағдайы бауыр алмастыру, бүйрек алмастыру бойынша 40 операция және мәйітті донордан ағзалар алуда 8 жағдай болды.

Бұл ретте, біздің қызметкерлеріміз бүйректі алмастыруды сәтті меңгерді және халықаралық мамандардың қатысуынсыз 3D технологияларды пайдалана отырып дербес түрде өткізді. Болашақта трансплантациялау үшін хирургиялық араласу көлемін кеңейту жоспарланып отыр, өйткені орталықта барлық қажетті жағдайлар бар: оқытылған білікті медицина қызметкерлерімен, тиісті материалдық-техникалық базасымен.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки