Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » 9 мамыр – Жеңіс Күні!

9 мамыр – Жеңіс Күні!

08 май 2019, Среда
895
0



Жыл сайын 9 мамыр – Жеңіс Күні мерекесіне Ақтөбе медициналық орталығының басшылығы кәсіподақ комитетімен бірлесіп салтанатты шаралар ұйымдастырады.

Жеңіс Күні мерекесі қарсаңында орталық қызметкерлері және кеңес беру-диагностикалық орталығының медициналық директоры А.Я.Бижанова, кәсіподақ комитетінің төрайымы С.Ж.Агзамова Ұлы Отан соғысының 2 қатысушыcын және 14 тыл еңбеккерлерін мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар тапсырды. Медицина қызметкерлері 86 дан 95 жасқа дейінгі пациенттердің үйлеріне барып электрокардиография жасады, қан анализдері алынды және терапевт-дәрігері қарап, сол жерден толық ұсынымдар берді.



Кеңес беру-диагностикалық орталығына бекітілген аумақтасоғысардагері1927 жылы туылған И.А.Курочкин тұратынын ерекше айта кету керек, ол 1944 жылы әскерге шақыртылып, Қиыр Шығыстағы майданда сүңгуір қайық қызметкері болып еңбекеткен, Квантун Армиясына қарсы соғыс әрекеттеріне қатысқан. Соғыстан кейін 1951 жылға дейін Совет әскері қатарында қызметін жалғастырды. 1961 жылы Ақтөбе қаласына әуежайға арнайы қызмет көрсету бөліміне оперативті қызметкер болып жіберілген. 1982 жылы полковник дәрежесінде отставкаға кеткен.



Соғыс ардагері 17.09.1925 ж.т. Ермағанбетов Алмат УмировичКеңес беру-диагностикалық орталығына мереке қарсаңында тексеруден өткізіп, кеңестерберу үшін шақыртылды. Алмат Умирович жауынгерлік жолын 1943 жылы бастап, 4 Украин майданында соғысқан және Германияда 1945 жылы Жеңісті тойлаған.



Ақтөбе медициналық орталығының ұжымы атынан
ардагерлер мен барлық отандастарымызды Жеңіс Күні мерекесімен құттықтаймыз!
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки