Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » Мемлекет басшысының Ақтөбе медициналық орталығына сапары

Мемлекет басшысының Ақтөбе медициналық орталығына сапары

22 май 2019, Среда
830
0

Мемлекет басшысы К.Токаев 22 мамыр күнгі Ақтөбе қаласына сапары барысында Ақтөбе медициналық орталығына келді.


Ақтөбе облысының Әкімі О.Уразалин және Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Қалиев Президентке медициналық кластер құру тәжірибесі туралы және Ақтөбе облысыныңөңірлік денсаулық сақтау саласына кластерлік көзқарасты енгізудіңболашағы туралы айтып берді.



Ақтөбе қаласының 150-жылдығына және Алматы декларациясының 40 жылдығына арналған «Халық денсаулығын қорғау: саясат, ғылым, білім, МСАК-тегі тәжірибе» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында Қазақстан Президенті К.К.Токаев сөз сөйледі. Пленарлық мәжіліс Ақтөбе медициналық орталығының көп салалы стационар базасында өткізілді.  




Халықаралық конференцияға қатысушылардың алдында сөз сөйлеген Касым-Жомарт Токаев ұлт денсаулығы біздің еліміздің басты байлығы екенін атап өтті.- Елбасының тапсырмасы бойынша құрылған «Ақтөбе медициналық орталығы»отандық медицинаны дамытуға айтарлықтай үлес қосады. Бүгінде облыстың тұрғындары нейрохирургия, балалар кардиологиясы, трансплантология саласындағы сапалы қызметтерді ала алады. Барлық облыстар осы деңгейге ұмтылуы тиіс. Бұл үшін тиісті барлықкүш-қуат бар», - деді Президент



Қазақстан Президенті денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі жаңғырту, дәрігерлік қызметтер мен дәрі-дәрмектердің сапасын жақсарту, олардың қолжетімділігін арттыру, отандық медицина ғылымындамыту, сондай-ақсаланыцифрландырубойыншашаралартуралыәңгімеледі. - «Алғашқы медициналық көмек адамдарға барынша жақын болуы керек. Тұрғылықты жеріне қарамастан барлық азаматтарға сапалы медициналық қызметтер толық деңгейде қолжетімді болуы тиіс. Бұдан басқа, алдағы жылдарда қоғамдық денсаулық сақтау қызметіне және алғашқы медициналық-санитарлық көмекке жұмсалатын шығындарды саланы қаржыландырудың 60%-на дейін арттыру қажет».





Конференцияға еліміздің әр аймағынан 170-ге жуық медицина қызметкері қатысты, оның ішінде құрметті қонақтар – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Е.А. Биртанов, ҚР ҰҒА академигі, РАМС Қазақ тағамтану академиясының президенті Т.Ш. Шарманов, ҚР ҰҒА академигі Н.И. Изимбергенов, академик Р.С. Кузденбаева, академик, ҚР еңбек сіңірген қайраткері С.К.Акшулаков, академик Ж.А. Доскалиев, сонымен қатар шетелдік қонақтар - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ), Оңтүстік Корея, Түркия, Ресейден қатысты




Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки