Қытай Халық Республикасы делегациясының сапармен келуі
2020 жылғы 18 қаңтарда Ақтөбе медициналық орталығының көпсалалы стационарына Қытай Халық Республикасы Шыңжаң-Ұйғыр Автономиялы ауданы Карамай қалалық орталық ауруханасының делегациясы (СУАР ҚХР) сапармен келді. Делегация орталықтың қызметімен танысып, трансплантация және жоспарлы хирургия бөлімшесіне, шұғыл медициналық көмек бөлімшесіне барды.
Ақтөбе медициналық орталығы және ҚХР Карамай қалалық орталық ауруханасы арасындағы кездесу нәтижесінде ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Айта кету керек, қытайлық әріптестердің алғашқы оқу сапары 2018 жылы болған, кейіннен өткен жылы телемедицина бойынша консультациялар өткізілді. Оның директоры Е Чжоу бастаған клиника өкілдерінің бұл сапары әріптестерімен іскерлік қатынастар аясын кеңейтуге мүмкіндік береді
Ынтымақтастық аясында салалы мамандардың телемедициналық кеңестерін жалғастыру, кадрлармен алмасу жоспарлануда, сонымен қатар дәстүрлі қытай медицинасы саласындағы бірлескен тексеру жобалары талқыланды.
Қонақтар Медицина мұражайын аралап, аймақтық денсаулық сақтау саласының жетістіктерімен танысты, аймақтың медицина қызметкерлерінің жетістіктерін жоғары бағалай отырып, Карамай қаласындағы ауруханада Музей құру тәжірибесін қабылдауға дайын екендіктерін білдірді, ол жерден Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау мекемелері арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың нәтижелері туралы экспонаттар мен ақпараттар лайықты орын алатындығын жеткізді.

Обсудить
Читайте также:
Комментарии (0)