Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » Персоналды басқаруда замануи технологияларының тәжірибесін енгізу

Персоналды басқаруда замануи технологияларының тәжірибесін енгізу

06 март 2018, Вторник
1 010
0

2018 жылдың 1 наурызынан 3 наурызына дейінгі кезеңде «Aktobe Medical Center» балалар ауруханасының базасында медицина ұйымдары басшылары мен кадрлар бөлімінің мамандарына «HR менеджмент. Кадр ресурстарын басқарудың заманауи технологиялары " атты тақырыпта ҚР ДСМ-нің Республикалық Денсаулықты дамыту орталығының ұйымдастыруымен көшпелі оқыту өтті .

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен қалалық және біздің өңірдің аудандық медициналық мекемелерінің бас дәрігерлері, бас дәрігерлердің орынбасарлары, кадрлар қызметінің мамандары кадрларды басқару технологиясына оқытылды. Оқытуды «Республикалық Денсаулықты дамыту орталығы» РМК ШЖҚ менеджмент орталығының басшысы Салтанат Садыровна Идрисова жүргізді.


Оқу барысында тыңдаушыларға тақырыпқа сәйкес медициналық саланың дамуының стратегиялық мақсаттарын іске асыруға бағытталған, қазіргі заманғы HR менеджмент негіздерін, HR-заманауи технологияларды үйренуге мүмкіндік берілді.

Тұсаукесерінде дәріскер С. С. Идрисова қызметкерлерді жалдау, бейімдеу, тәлімгерлік, ұйымдастырушылық мәдениет, медицина қызметкерлерін ынталандыру сияқты өзекті мәселелерге ерекше назар аударды.

Циклдің қатысушылары теориялық материалға үлкен қызығушылық танытты, персоналды басқару саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Оқу үдерісі денсаулық сақтау жүйесіндегі ағымдағы жағдайды талдау негізінде, материалды ұсынудың қолжетімділігіне, HR менеджментін жүзеге асыру бойынша практикалық ұсыныстарын шешуге және шешу жолдарын бірлесіп талқылауға байланысты нәтижелі болды.

Бұл оқыту менеджменттің тиімділігін арттыруға, қаржылық және еңбек шығындарын төмендетуге, медициналық қызметтер сапасын арттыруға ықпал етеді.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки