Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.

13 июнь 2019, Четверг
1 241
0

Адам өміріндегі медицинаның маңыздылығын бағалау қиын, өйткені бұл мамандықтың өкілдері жоғары кәсібилікке және аса төзімділікке қабілетті жандар. Дәрігерлер мен мейірбикелер өздерінің жанкешті еңбегіменкүнделікті ондаған адамның өмірін сақтап қалады.Жұмыс күндері мен мереке күндерінде де шаршағандығына қарамастан олар біздің халқымызға медициналық көмек көрсетеді.

Қазақстанның Батыс өңіріндегі ең ірі емдеу-диагностикалық мекемелердің бірі «Ақтөбе медициналық орталығы» болып табылады, үш мекемебіріктірілген: 400 төсек орындық ересектерге арналған стационар, 240 төсек орындық балалар стационары, сонымен қатар ауысымына 500 келушісімен кеңес беру-диагностикалық орталығы. Орталықта 1800-ден астам қызметкер еңбек етеді.Бұл жерде Ақтөбе облысының үздік дәрігерлері мен мейірбикелері шоғырланған.Ұрпақтар сабақтастығы бар: тәжірибелі жоғары білікті мамандармен бірге мұнда түрлі профильдегі жас дәрігерлер өздерінің еңбек жолдарын бастады. Халықаралық стандартқа сәйкес Орталық заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған.

Ақтөбе медициналық кластерінде Медицина қызметкерлері күні қарсаңындабіздің орталықтың қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты жиналыс өткізілді. Денсаулық сақтау басқармасыбасшылығының, әкімшіліктің және орталықтың кәсіподақ комитетінің атынан әріптестерге жолдаған құттықтау сөздері тыңдалды.

Бас дәрігер Р.К.Исаев қызметкерлерге жұмысындағы жоғары жетістіктер үшін салтанатты жағдайда келесі марапаттарды тапсырды:

  • Н.И.Пирогов атындағы медаль – операциялық бөлімнің меңгерушісі А.А.Елемесовке, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі К.К.Ермагамбетовке, оториноларингология бөлімшесінің меңгерушісі Б.А.Шагатаеваға, офтальмолог-дәрігері Г.Т.Бекназароваға, балалар невролог-дәрігері Б.И.Джумашеваға, балалар нейрохирург-дәрігері С.Е.Утегеновке тапсырылды;
  • "Халық мақтанышы" медальі – балалар стационарының бет-жақсүйек хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Б.С.Жаналинаға, КДО кардиолог-дәрігері А.Ж.Молдакуловаға, КДО күндізгі стационарыныңмеңгерушісі А.Ж.Ермекбаеваға, терапия бөлімшесінің меңгерушісі Б.Т.Ишимоваға, дәріхана меңгерушісі С.Я.Утепбергеноваға, қабылдау бөлімінің меңгерушісі С.Ж.Агзамоваға тапсырылды;
  • "Мейірім" медальі балалар стационарының фармацевтіА.И.Кужаниязоваға тапсырылды. 

Қоғамдықденсаулықсақтаубасқармасыныңбастығы Б.М.Тулкибаева орталықтың ұжымына құттықтау сөз сөйлеп, адал еңбегі үшін Денсаулық сақтау басқармасының атынан жәнеОблыстық Кәсіподақ комитеті атынан Ақтөбе медициналық орталығының үздік 14 қызметкеріне грамота тапсырды.

Көпсалалы стационардыңмедициналық директоры А.Б.Есенжулова әріптестерін кәсіби мерекесімен құттықтады және біздің орталықтың дамуына зор үлесін қосқаны үшін КДБ меңгерушісі Г.Т.Джапаховаға, КДО педиатрия бөлімшесінің меңгерушісі С.А.Баштовенкоға, КДО стоматолог-дәрігері Т.В.Мыльниковаға, балалар стационарының ЕДБ меңгерушісіМ.Б.Амангалиға, ересектер стационарыныңкардиореаниматологы Т.Т.Айтжановқа, жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесінің аға мейірбикесі Б.А.Кубатаеваға естелік белгілерінтапсырды.

Марапаттау рәсіміне КДО-ның медициналық директоры А.Я.Бижанова қатысып,жұмыстағы жетістіктері үшін орталық басшылығының атынан 11 медицина қызметкерлеріне құрмет грамоталарын тапсырды.

Обсудить

Читайте также:

Құрметті пациенттер!
21 декабрь 2017, Четверг
Құрметті пациенттер!
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки