Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » Премьер-Министрдің орынбасары Б.М. Сапарбаевтың Медициналық кластерге сапары

Премьер-Министрдің орынбасары Б.М. Сапарбаевтың Медициналық кластерге сапары

02 ноябрь 2019, Суббота
621
0
2019 жылдың 2 қарашада Премьер-Министрдің орынбасары Б.М.Сапарбаев және ҚР ДСМ жауапты хатшысы Б.Ш.Жакселекова Ақтөбе облысына жұмыс сапары кезіндемедициналық кластерге келді. Үкімет делегаттарына облыс Әкімі О.С.Оразалин,Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.А.Калиев еріп жүрді. Келген қонақтар көп бейінді стационардың қабылдау бөлімшесінің, қарқынды терапияның нейрореанимациялық бөлімінің, госпитальдық фармация бөлімінің қызметтерімен танысты.


Госпитальдық фармация бөлімінде ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу тәжірибесі: дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың дербес есебі ұсынылды. Көп бейінді стационардың медициналық директоры А.Б.Есенжулова «Ағымдағы жылдың басынан бастап ресурстарды тиімді пайдалану, клиникалық фармакологтың қатысуымен медициналық тағайындаулардың дұрыстығын бақылау, жоғары қауіпті препараттарды қолдану кезіндегі ықтимал медициналық қателіктерді азайтудың арқасында 39,5 млн.теңгеге жуық қаражат үнемделді» деп айтты. АМО-ның көп бейінді стационарында 2018 жылы аталған бөлімнің ашылуы Ұлттықнейрохирургия орталығымен (Басқарма Төрағасы Акшулаков С.К.) ынтымақтастықтың арқасында мүмкін болды, Қазақстанда алғаш рет дәрі-дәрмектерді тіркеу бойынша госпитальдық фармация бөліміұйымдастырылды. Айта кету керек, АМО-да дәрі-дәрмектерді есепке алумен қатар, медициналық дәрі-дәрмектерді есепке алу жүйесі де енгізілген». Премьер-министрдің орынбасары медициналық мекеменің күнделікті тәжірибесінде бұл жобаның өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.



Делегация басшысы Б.М.Сапарбаев медицина мұражайының экспонаттарымен танысты, медицина қызметкерлерінің жас ұрпағын тәрбиелеуде Мұражайды құрудың маңыздылығын жоғары бағалап, «адамдар аймақтағы және елдегі денсаулық сақтау саласының тарихы мен жетістіктері туралы білуі керек деп атап өтті. Сапар барысы облыстың медициналық қоғамдастығымен кездесу өткізілген мәжіліс залында жалғасты, онда медициналық ұйымдардың МӘСЖ енгізуге дайындығы және кластерлік медицинаны одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки